«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі - страница 17



Тақырыптар мен тапсырмалар барлық оқу жылына алдын ала дайындалынады. Ойын айына бір рет өткізіледі, 15 сұрақ ойналады (5 түрлі тапсырмаға 3 тақырып). Іріктеу ойынында барлық топтар жас ерекшіліктері мен білім деңгейлеріне қарамастан бірдей шартта қатысады. Содан кейін топтар сұрақтардың күрделілігі мен әр түрлі санына қарай лига бойынша құрылады.


  1. ^ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖЕНІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

«Эрудит» ойының женімпаздарын Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады. Ең жоғары балл жинаған ойыншы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен «дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады.


^ «КЕМПІРҚОСАҚ БОЙЫНША САЯХАТ» КІШІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОНЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

(3-4 сынып)


«Кемпірқосақ бойынша саяхат» зияткерлік марафоны бастауыш мектептегі зияткерлік аясында оқушылар тұлғасының оқу-қисынды қабілеттерін және дағдыларын дамытуға бағытталған.


    1. ^ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық зияткерлік марафоны өз алдына келесі мақсаттарды қояды:




    1. ^ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

 «Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафоны төрт кезеңде ҚБШМ-де өтеді (1 рет бейсенбі сайын).


    1. МАРАФОНДЫ ӨТКІЗУ ЖЕТЕКШІЛІГІ.

«Кемпірқосақ бойынша саяхат» марафонын өткізудегі жалпы жетекшілік «Дарын» қалалық орталығымен жүзеге асырылады.


    1. ^ БАҒА КРИТЕРИЯСЫ

Тапсырмаларды дұрыс орындалу саны бойынша бағалау жүргізіледі.

Тапсырмаларды орындау барысында балалар келесідей білім мен қабілет көрсетуге тиіс:

    1. ^ МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафонына «Дарын» қалалық орталығында №1 нысан бойынша (қоса беріледі) 2009 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей өздерінің қатысатындары туралы өтініш білдірген 6 адамнан тұратын оқушылар командасы қатысады. Өтініштер daryn@goruo.kostanay.kz электрондық мекенжай бойынша жіберіледі.


    1. ^ БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫ

Марафон қазылары негізгі сұрыптаушы орган болып есептелінеді. Ол бағалар критериясын жасайды және балалармен орындалған тапсырмалар нәтижесін бағалайды, марапаттау ұсыныстарын дайындайды. Мектеп тарапынан жіберілетін бақылаушылар. Қазылар құрамына «Дарын» қалалық орталығының мүшелері, Қостанай қаласы әкімдігінің қалалық білім бөлімінің өкілдері, сонымен қатар ғылым өкілдері кіреді.


    1. ^ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ

Марафон қорытындысын жасау және жеңімпаздарды марапаттау марафонның 4 кезеңі бойы жинаған балл көлемінде өткізіледі (1, 2, 3 орын).

Жеңімпаз командалар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен «Дарын» қалалық орталығымен марапатталады.

Барлық командаларға қатысушы сертификаты табысталады.


9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ ШАЙҚАС»

^ ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРІН ӨТКІЗУ

ЕРЕЖЕСІ


1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

Математикалық шайқас – ол математикалық есептерін шығаратын екі топтың жарысы. Ең алдымен топтар есеп ережелерін алады және белгілі уақыт ішінде белгілейді. Есептерді шығарған кезде кез-келген әдебиетті қолдануға болады, бірақ есептерді шығару барысында қазылар алқасынан басқа ешкіммен ақылдасуға болмайды. Осы уақыт ішінде шайқас басталып кетеді де топтар бір-біріне есептің шығару жолын айтады. Бір топ өз шешімін айтып тұрған кезде, екінші топ жіберген қателіктерін тауып, өз жауабтарын ұсынады. Оппонент пен баяндамашы баяндамаларын қазылар алқасы ұпай санымен бағалайды (шығарған есебі мен қарсы шыққанына). Егер екі топтың екеуі де, ақылдасқаннан соң да есепті шығара алмай немесе қателерін таба алмайтын болса, ұпай санының бір бөлігі (немесе барлық ұпайды) қазылар алқасына кетеді. Егер шайқастың аяғына дейін екі топтың алған ұпай саны 3 ұпайдан артық не кем болса, шайқастың аяғы тең ұтылған болып саналады. Керісінше ұпай санын көбірек жинаған топ жеңіске жетеді. Егер ойын ережеге сай тең ұтысқа келмесе, қазылар алқасы топтарға жеңген топты шығару әрекетін атап өтеді. Топ капитандары қазылар алқасынан ойын барысында 5-10 минуттық үзіліс сұрауларына болады. Үзіліс тек екі есептің шешуін талқылаған кезде ғана бола алады (раунд арасында). Шайқасқа шақырған топ жазба түрінде алдында жасайды да қазылар алқасына тапсырады, қазылар алқасы шақыруды бірден үзілістен кейін айтады.


2.ШАҚЫРУЛАР.

Шайқас бірнеше раундтан тұрады. Әр раундтың басында топтың біреуі екінші топты шығарылмаған бір есепке шақырады. (мысалы, «Біз қарсылас топты № 8 есебін шығаруына шақырамыз». Одан кейін шақырылған топ шақыруды қабылдайтынын, не қабылдамайтынын айтады, демек есептің шешімін айтуға (жауабын 1 минуттан астам ойлауға болмайды) келісетін болса, өзінің баяндамашысын тағайындайды, ол есеп жауабын айтып береді, ал қарсылас топтар өз оппонентін қояды, оның міндеті – жауаптан қатені табу. Егер дайын болмаса баяндамашыны шақырған топ ұсынады, ал бас тартқан топ оппонентті. Тақтаға шығуын сақтап қалғысы келген топ оппонентті ұсынудан бас тарта алады. Онда бұл раундқа қатыспайды (және өз шешімінен бас тарта алмайды).

^ 3.РАУНД БАРЫСЫ.

Баяндама. Раунд басында баяндамашы өз жауабын айтады. Баяндаманың мазмұнында есепте берілген барлық тапсырмаларды орындап, оларды дәлелдеу ережелері толық болуы тиіс. Жеке айтқанда, баяндамашы өзінің орындаған тапсырмаларын дәлелдеу керек, немесе жалпы түсінікті ереже ретінде сүйену керек. Баяндамашының жұмысы ашық түрде болуы тиіс, оппонент пен қазылар алқасының сұранысы бойынша жауабтың кез-келген жерін қайталайды. Баяндамаға 15 минут беріледі, одан кейін қазылар алқасы әрі қарай жалғасуы мен тоқтатылуы туралы шешеді.


Баяндамашы өзімен бірге жазғанын алып шығуға құқығы бар, бірақ қазылар алқасына жауапты қағаздан оқып жатқанын көрсе, оған қарауға тиым сала алады.

Баяндамадағы есептер калькулятор арқылы есептелген болса, ол дұрыс жауап қатарына жатқызылмайды.


Баяндамашы құқылы:


^ Баяндамашы міндетті:


Баяндамашы өзінің жауабын сыпайы, ыңғайлы жауап беруі тиіс, оппонентін сынап, оның жеке қасиеттерін қозғамауға, оппонентке тек қана «Сіз» деп отыруы қажет.


4.ҚАРСЫЛАСТАНУ.

Баяндама аяқталмай тұрып, баяндамашының рұқсатымен ғана сұрақ қоюға болады, бірақ шешімнің бір бөлігін қайталауын сұрайды және оппонентке түсінікті жерін тоқталмай-ақ қоюына болады. Баяндама аяқталғаннан кейін оппонент өз сауалдарын коя алады. Егер бір минут ішінде оппонент сұрағын қоймаса, сұрақ «жоқ» деп есептелінеді. Егер баяндамашы бір минут ішінде жауап бермесе, жауабы «жоқ» деп есептелінеді.


^ Сұрақ түрінде оппонент:

1. баяндамашыдан баяндаманың кез келген жерін қайталап беруін сұрауға;

2. баяндамашының айтқан сөзін дәлелдірек айтуын сұрауға а/ кез келген терминге анықтама беруге; б/ шешімінің жауабын өз сөзімен айтуын сұрауға /«Мен сізді дұрыс түсінсем, Сіздің айтқыңыз келгені...»/

Егер оппонент, бяндамашы есептің шешімін тақтаның жанында шешіп, уақытты созып тұрғанын түсініп қалса немесе баяндаманың негізгі бөлімі есептің шешімін толығымен ашпайтынын көрсе, ол баяндамашыдан есептің жауабын немесе келесі әрекетінің жоспарын сұрауға толық құқығы бар./бірақ баяндама басталғаннан кейін 10 минут өткеннен кейін/.

Оппонент міндетті:

  1. сұрақтарын тек сыпайы түрде, ыңғайлы мәнерімен қойып, тек «Сіз» деп атауы тиіс;

  2. баяндаманы сынаған кезде баяндамашыны сынауға тиым салынады;

Баяндаманың қорытындысы мен сұраққа жауаптары бойынша оппонент баяндамаға өз бағасын төмендегі түрлер арқылы бере алады: а/ есеп шешімін дұрыс деп санау; б/ есептің шешімінің негізгісі дұрыс, бірақ кемшіліктері бар және сол кемшіліктерді атап өту; в/ жауап дұрыс емес деп санап, баяндама бойынша негізгізінде немесе дәлелдемесі мен жоспарында жіберген қателерін атап шығу.

Егер оппонент бақылау есебін шығарып беріп, сол бақылау есебі есептің шешімі болатын болса, оппонент «Мен жаубымен келіспеймін, менде бақылау есебі бар» деп айта алады, бірақ есептің өзін баяндамашыға көрсетпейді /қазылар алқасы бақылау есебінің жауабын көру үшін жауапты сұрай алады/. Ондай жағдайда баяндамашы бір минут ішінде немесе топтың алған үзілістен кейін өзінің шешімін өзгертпесе, оппонент өзінің бақылау есебін ұсынады, ондайда не баяндамашы, не топ есептің шешімін, немесе жауабын өзгерте алмайды.


Осы сияқты, егер шешімі жағдайды қайта жасауы керек етсе оппонент «Мен шешіммен келіспеймін, барлық жағдайлары қарастырылмаған» деп арыздануына болады, бірақ қандай жағдай екендігін атамайды. Баяндамашының, қазылар алқасының келесі әрекеті бақылау есеппен істеген сияқты болады.


^ 5. ҚАЗЫЛАРДЫҢ ПІКІР-ТАЛАСҚА ҚАТЫСУЫ.

Баяндамашы мен оппоненттің диалогі аяқталған соң қазылар алқасы өздерінің сауалдарын қояды. Қажетті жағдайда одан ертерек те араласа алады.


^ 6. БАЯНДАМАШЫЛАР МЕН ТОП.

Баяндамашы мен оппонент капитандарынан орын аумастыру немесе кеңес алу үшін үзілісті сұрай алады. Топ пен басшы арасындағы қатынасына тек жарты минуттық үзілісте рұқсат беріледі, оны әр топ кез-келген жағдайда сұрай алады. /қарсылас та осы уақытты үнемдей алады/. Әр топ бір шайқас үстінде 6 жарты минуттық үзілісті ала алады. Қарсыластар алған жартыминуттық үзілісті топ толығымен алады, алған топ уақытына жеткізбей аяқтаса да.


^ 7. РОЛЬДЕРДІҢ АЛМАСТЫРЫЛУЫ. ЫҢҒАЙСЫЗ ШАҚЫРТУ. ШАҚЫРТУДЫҢ ТӘРТІБІ.

Егер пікір-талас барысында оппонент баяндамашыда жауап жоқ екендігін дәлелдей алса және шақырудан бас тартса, екі жағдай қарастырылады. Егер бұл раундқа шақыруы қабылданса, оппоненттің өзінің есебін ұсынуына құқығы бар. Егер оппонент өзінің шешімін айтуды бастағаннан кейін рольдердің толық ауысуы болады: баяндамашы болған оппонент болады да, оппонент ретінде ұпай санын жинайды. Егер шақыртуы қабылданбаса, онда ол шақырту қолайсыз деп саналады. Ондай жағдайда рольдердің аумастырылуы болмайды, ал қолайсыз шақырған топ қарсыласын келесі раундта шақырады. Басқа жағдайдың барлығында келесі раундтқа болып жатқан раундтта шақырылған топ шақырады.

Қабылданған шақыру әркезде қолайлы болып саналады!

Егер оппонент баяндамашыда жауабы жоқ екендігін дәлелдей алмаса, бірақ жауабында кеткен кемшіліктерін тауып алса, және егер осы раундтқа шақырудан бас тартпаса, оппонент жіберілген барлық кемшіліктерін дұрыстауға /«тесіктерін жамауға»/ құқығы бар /бірақ міндетті емес/. Дәл осындай құқықты оппонент баяндамашыда жауап жоқ дегенді дәлелдеп, бірақ өз шешімін айтудан бас тартады. Егер оппонент «тесіктерін жамауға» кіріссе, онда рольдердің толықсыз ауыстыруы болады: оппонент алдын ала жасайтын әрекеті туралы таныстырып кетуі тиіс, ал бұрынғы баяндамашы оппонент болып дәледері арқылы ұпай санын жинанйды. Шақырудың қолайлылығын тексерген жағдайдарольдердің өзгеруі мүмкін емес.

^ Рольдердің қайта ауыстырылуы ешқандай жағдайда болмайды!

Тақтаға шығу саны. Топтың әр мүшесі бяндамашы және оппонент болып шайқас бойы екі рет қана шығуына болады. Топ шайқас бойы үш рет қана баяндамашыны немесе оппонентті шығаруға болады, әр шығуы орын ауыстырғанына және ауыстырған адамға сияқты ұпай саны есептелінеді. Сонымен қатар, уақытты ауыстыру кезінде, топқа үзіліске берілген уақыты 1 минутқа кемейді. /ол уақытты орын ауыстырудың алдында беріледі, қолданбауға да болады, соңғы жағдайда қарсылас топ ол уақытты ала алмайды/.


^ 8.ШАҚЫРУДАН БАС ТАРТУ. ШАЙҚАСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ.

Кез келген уақытта шақыратын топ одан бас тарта алады, егер ол шақырғысы келмесе /ондай жағдай топта шешімі табылған есеп болмаса, егер ол шқырғысы келмесе, ондай шақыру қолайсыз болып есептелінеді./ онда басқа топ есеп шешімдерін айтуға құқық алады. Шақырудан бас тартқан топ осындай жағдайда оппонент жағына шығып, ұпайларды жинайды, бірақ шешімнің жауабын айта алмайды. Пікірге салынбаған есептер қалмаса, бір топ шақырудан бас тартып, басқа топ қалған есептердің шешімін айтудан бас тартса шайқас аяқталады.


^ 9.БІРІНШІ ШАҚЫРУ. КАПИТАНДАР САЙЫСЫ.

Капитан байқауында жеңіске шыққан топ, шақыруды кім бірінші бастайтынын анықтайды. Ол ойын басында өткізіледі. Капитандарға есеп беріледі. Қазылар алқасына жауап беруге бірінші дайын болған капитан жауап бере алады. Егер оның берген жауабы дұрыс болса, ол жеңді, ал егер дұрыс болмаса – оның қарсыласы жеңді. Дұрыс жауапқа: дәлелімен берілген дұрыс жауап, немесе тағы басқаны жатқызады, оны қазылар алқасы байқау басында атап кетеді.

Есептің жауабын табуға капитандарға уақыт белгіленеді. Егер осы уақыттың ішінде бірде бір капитан жауап бермесе, қазылар алқасы есепту ауыстырады немесе жребий арқылы жеңімпазды анықтайды. Есептің орнына қазылар алқасы ойын ұсынады. Капитан байқауының басқа да түрлерін ұсынуға болады. Қазылар алқасы ойын амалын алдын ала ойластырып қояды да, оны шайқас алдында атап шығады.

Өздерінің ұсынысы бойынша капитан орнына топтың кез-келген топ мүшесі шыға алады.


^ 10.ҰПАЙДЫ ЕСЕПТЕУ.

Әр есеп 12 ұпай санымен саналады, раунд қорытындысы бойынша баяндамашы, оппонент, қазылар алқасы арасында таратылады. Егер баяндамашының жауабы толық, дәл және дұрыс болатын болса бар 12 ұпай саны соған беріледі. Егер шешімді айтқан кезде «тесіктері» көрінсе қазылар алқасы оның бағасын анықтайды. Осыдан кейін оппонент кемшіліктерін келтіргеннен кейін ұпай санының жартысы оған тиесілі. Егер талқылау кезінде кейбір тесіктері жамалған болса, алынған барлық ұпай саны баяндамашы мен оппонент арасында бөлінеді. Сонымен қатар оппоненттің тесіктерді жабуы ғана саналмай, сонымен бірге баяндамашыға баяндама соңында берген көмегі де саналады. Қалған ұпайды қазалар алқасы өздеріне алады.

Егер рольдердің толық өзгеруі болмаса оппонент 6 ұпайдан астам ұпай ала алмайды.

Егер баяндамашының өзімен табылған қателерді топ түзеу салмаса оппонент жағына ұпай саны сол қате өзі тапқандай болып саналады.


^ 11. ТОП БАСШЫСЫ

Шайқас уақытында тек топ басшысы ғана топ атынан қазылар алқасына және қарсыластарға өтініш білдіре алады: шақыру немесе қабыл алмау туралы, үзіліс сұрау т.б. Ол өз тобы өкілінің баяндамасын немесе қарсы шығып сөйлеуін кез келген уақытта тоқтатуға құқығы бар. Егер топ басшысы тақта алдында болса, ол өз орнына сол уақытта топ басшысының міндетін атқаратын өзінің орынбасарын қалдырады.

Топ басшысының және орынбасарының аттары тапсырмаларды шешу басталғанға дейін хабарланады.

Тапсырмаларды шешу кезіндегі топ басшысының басты міндеті – топ мүшелерінің қызметін бар күштерімен анағұрлым көп тапсырма шешуге үйлестіру. Ол үшін топ басшысы топ мүшелерінің арасында тапсырмаларды шешу үшін бөліп береді, әр тапсырма біреумен шешілуін бақылайды, табылған шешімдердің тексерілуін ұйымдастырады. Топ басшысы сол немесе басқа да тапсырмалар бойынша кімнің баяндаушы немесе қарсы шығып сөйлеуші болатандаған еретерек анықтайды және топтың алдағы шайқастағы барлық әдістерін анықтайды.


^ 12. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Қазылар алқасы ереженің жоғарғы түсіндірушісі болып табылады. Ережелермен қарастырылмаған жағдайлар болғанда, ол өз қарауы бойынша шешім қабылдайды. Қазылар алқасының шешімі топтар үшін міндетті болып табылады. Топтармен тапсырманы шешу кезінде топтардың біреулеріне берілген тапсырма шарттарының түрлі түсіндірулері аз уақыттың ішінде қазылар алқасына, барлық топтарға хабарлануы қажет.

Қазылар алқасы қарсы сөйлеушінің мәселесін алып тастай алады ( мыс: егер ол істің мәнісі бойынша болмаған болса), егер көпке созылып кетсе, баяндаманы немесе қарсы шығып сөйлеуін тоқтата алады. Егер қазылар алқасы тапсырманы тез арада түсіне алмаса, ол екі топ басшысының келісімімен тапсырма талқылауды баяндаушы немесе қарсы сөйлеушімен бірлесе отырып басқа жайда жалғастыратын өз өкілін бөліп шығарады. Бұл кезде шайқас басқа тапсырмалар бойынша жалғасады, ал алдыңғы тапсырма бойынша ұпай саны кейінірек есептелінеді.

Қазылар алқасы шайқас хаттамасын жүргізеді. Егер топтардың біреуі тапсырманы шешу бойынша қазылар алқасымен қабылданған шешімге келіспесе, бұл жағдайды лига бойынша үлкеннің қатысуымен шешу үшін тез арада бірнеше минутқа үзіліс талап етуге құқылы. Келесі раунд басталғаннан кейін алдыңғы раундтың есебі өзгертілуі мүмкін емес. Бір ғана ерекшелік, лига бойынша үлкен жағдайды түсіндіру нәтижесі бойынша бұл туралы мәселені турнирдің әдістемелік комиссиясының отырысында қарастыруға шешім қабылдаған жағдайда өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда ӘК осы мәселе бойынша шешімді сол күні қабылдауы қажет. Шақырудың сыпайылығы туралы мәселе ӘК отырысында шығуы мүмкін емес және лига бойынша үлкеннің рұқсат етуімен шешілуі қажет.

Қазылар алқасы тәртіпті бақылайды: ол топтарға шу шығарғандығы, дөрекі тәртіптері, тақта алдында тұрған өзінің өкілдерімен қатынаста болғандықтары үшін айып сала алады. Қазылар алқасы шайқас ережесінен тікелей асып шықпайтын өз шешімін дәлелдеуге міндетті.


13. КӨРЕРМЕНДЕР

Шайқастың өту барысын қазылар алқасының келісім беруімен көрермендер бақылай алады: оларға ойнаушы топтың, қазылар алқасының және турнирдің әдістемелік комиссиясының мүшелерінен басқаларының бәрі кіреді. Көрермендер топтармен қарым-қатынаста болуға, шайқас барысына дауыстап түсініктеме беруге немесе басқа да түрде оның өткізілуіне кедергі келтіруге құқығы жоқ. Осы тәртіптерді бұзған көрермендер қазылар алқасының шешімі бойынша шайқас өтіп жатқан жайды босатуы керек.


^ 14. ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН АНЫҚТАУ

Орын жинаған балдар бойынша анықталады. Балдар тең болған жағдайда басымдылық жеке кездесуді жеңген топта болады. Қалған жағдайда, жоғарыда келтірілген параматр бойынша орынды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, орынды бөлу өтеді.


^ 15. ТОПТАҒЫ МҮШЕЛЕР САНЫ – 6 адам.

9, 10 және 11 сыныптардан 2 қатысушыдан. Жоғары сынып оқушыларының қатысушыларын төменгі сынып оқушыларының қатысушыларына ауыстыруға болады (керісінше болмайды). Егер топ топ мүшелерінің 6 адамын ұсына алмаса, онда қазылар алқасы бұл топқа жеңіліс есептеу құқығын өзіне қалдырады.


^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ӘЛЕМДІ ЖАҚСЫҒА ӨЗГЕРТЕМІЗ» АТТЫ МЕКТЕПТІК ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

  1. ^ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

    1. Қостанай қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Әлемді жақсыға өзгертеміз» атты мектептік БАҚ қалалық байқауының өткізілуі туралы осы ереже (одан әрі-байқау) байқаудың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырылу және өткізілу тәртібін, таңдау критерияларын, қатысушылар құрамын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды анықтайды.

    2. Байқауды ұйымдастырушы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ болып табылады.




  1. ^ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ

    1. Байқау мақсаты шығармашылық бастамашылықтарын дамыту және балалар-жасөспірімдер БАҚ аясында балалар мен жасөспірімдердің белсенді өмірлік көзқарастарын тәрбиелеу болып табылады.

    2. Байқау келесі міндеттерді шешуге бағытталған:




  1. ^ БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Байқауға жалпы білім беру мектептерінің 14-18 жастағы оқушылары, қосымша білім беру ұйымдары қатысады.


  1. ӨТКІЗУ ШАРТЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

    1. Байқау 2 айналымда өтеді:

1 айналым – іріктеу (2010 жылдың 29 желтоқсанына дейін) – іріктеу айналымына өтінімдер және жұмыстар беріледі;

2 айналым- ақтық (2010 жылдың 10 желтоқсанына дейін).

4.2. Ақтық айналымға іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған жұмыстар қатысады. Ақтық айналымда өткізіледі:

- Фотожұмыс (10*15 10 фотосурет) және баспа басылымдар көрмесі.

- «Живая газета» тұсаукесері» (мектептік БАҚ қызметі туралы, нысан ерікті, уақыт тәртібі 4-5 минут)

- бағыт бойынша шығармашылық жұмыстар (журналистика – берілген тақырып бойынша газет амтериалы, фототілші – берілген тақырыпқа суреттер түсіру).


  1. ^ ҚАТЫСУ ШАРТЫ

    1. Байқаудық іріктеу айналымына келесі бағыттар бойынша «Әлемді жақсыға өзгертеміз!» тақырыбында кез-келген жанр түрі және шығармашылық шешім жіберіледі:


Газет - жалпы білім беретін және мектепішілік мектептер газеттері терілген күйінге кез-келген форматта.

Видеофильм – видеофильмдер, бағдарламалар, сюжеттер, видеоклиптер және т.б. VHS, DVD, mini DV форматында. Видеоматериалдар DVD немесе CD дискісінде жазылуы қажет.

5.2. ақтық сайысқа іріктеу айналымында жеңімпаз атанған жұмістар жіберіледі.

Ақтық айналым өткізіледі:

- фотожұмыстар көрмесі (10 фотография 10*15) және баспасөз басылымы

- «Живой газеты» презентациясы (БАҚ мектептік қызметі туралы, еркін түрдегі нысан, регламент 4 – 5 минут)

- бағыттар бойынша шығармашылық байқаулар (журналистика – берілген тақырып бойынша газет амтериалы, фототілші – берілген тақырыпқа суреттер түсіру).


  1. ^ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ТАНЫСТЫРЫЛҒАН БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЯЛАРЫ:

Газет:

Видеожұмыстар (формат 5 минуттан көп емес)




  1. ^ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

Байқау қорытындылары бойынша жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:

«Үздік газет» (газет редакциялары командаларының арасында);

«Үздік журналистикалық жұмыс» (шығармашылық байқау қорытындысы бойынша);

«Үздік видеофильм».

1, 2 және 3 орын алған жеңімпаздар білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.


  1. ^ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ЖӘНЕ БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

    1. Байқау комиссиясы ұйымдастырушылар мен журналистика аясындағы тәуелсіз сұрыптамашылар – мүдделі мамандардан қалыптастырылады.

    2. Байқауды ұйымдастыру комитеті келесі мекенжайда орналасқан: 110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі , 154, 314 каб. (Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі) Жауапты тұлғалар – білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскер. Байланыс телефон: 50 – 42 – 97, Е-mail ivanova@goruo.kostanay.kz



«МатематиКАЛЫҚ регата»

^ ҚАЛАЛЫҚ ОЙЫН-САЙЫСЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


9-11 сынып оқушылары арасында .


1.1 Осы ереже «Математикалық регата» қалалық ойын-сайысының мәртебесін, мақсатын және тапсырмаларын анықтайды (әрі қарай – Регата).

1.2 Регата – 9-11 сынып оқушыларының күрделі математикалық тапсырмаларды шешудегі ұжымдық сайыс, өз шешімдерін нақты дәлелмен таныстыру және қорғау.


1.3. ^ РЕГАТАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:

- дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету;

1.4 Регата 2009-2010 ж.ж. желтоқсан, наурыз айларында екі кезеңде өтеді: бір кезең 4 сайыстан тұрады. Әрбір сайыс үш ұжымдық жазба тапсырмасын шешуден келеді. Кез-келген тапсырма бөлек жеке парақта толтырылады және қазыларға беріледі, әр команда әрбір тапсырма шешімінің бір нұсқасын беруге құқылы.

Командаларға тапсырманы шешу үшін берілетін уақыты және әрбір айналымның тапсырма «құны» тапсырма шарттарындағы көрсетілген балдармен есептелінеді, және бұл әр команданың келесі сайысқа өтер алдында жүргізіледі. Бағдарламалылық: бір сайыс – 10 минут, бір сайыс – 15 минут, және екі сайыс –20 минуттан.


2.1 Сайыста әрбір мектеп 1 командадан құрайды. Команда құрамында – 4 қатысушы.